Заң және Қоғам

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТУДА

Сайлау-2024

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТУД

ҚР Сайлау туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17 бабының 2-ші тармағына, 23-бабының 5-тармағына, Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 8 мамырдағы нөмір 13/2 «Целиноград ауданының Арайлы ауылындағы нөмір 665 сайлау учаскесінде әкім сайлауы ойдағыдай өтуде.

Сайлау комиссиясының төрағасы Лопата Александр Александрович, төрағаның орынбасары Төлеубаева Жұмаш Тастыбайқызы, хатшысы – Немцова Марина Александровна, комиссия мүшелері – Клишкова Ирина Сергеевна, Белоброва Татьяна Петровна, Тұрмағамбетов Асылхан Манатұлы мен Әсімжанова Гауһар Дәулетқызы келушілерді қарсы алып, өз міндеттерін мінсіз атқаруда.

Сайлау комиссиясының төрағасы Лопата Александрдің айтуынша, таңертеңнен бері 60-қа жуық адам келіп дауыс берген.

Біз барған кезде де адамдар үздіксіз келіп жатты. Округ бойынша жалпы алғанда сайлаушылар саны 1026 адам. Осындай қарқынмен жалғаса берсе, кешке дейін барлық сайлаушылар дауыс беріп үлгеруі тиіс. Бір сөзбен айтқанда белсенділік жоғары.

Р. ҚАДІРЖАН.

Арайлы.

Өзге де жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button