Заң және Қоғам

ДАМУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

Құрылтай-2026

ДАМУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

Бүгін яғни 23 тамыз күні елімізде Құрылтай депутаттарының сайлауы басталып та кетті. Бұл жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін өткізілген алғашқы жалпыхалықтық сайлау. Ағымдағы жылдың 1 шілдесінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай депутаттарын сайлауды 2026 жылғы 23 тамызға тағайындау туралы жарлыққа қол қойған-ды. Мұны «Ел өміріндегі маңызды оқиға» деген мемлекет басшысы ұлт болып ұйысып, бір ел болып жұмыла еңбек етудің маңызы зор екендігін атап өтті.

 

 

Бүкіл еліміздегі сияқты Целиноград ауданында да саяси науқан ұйымшылдықпен өтіп жатыр.

Аудан орталығы Ақмол ауылындағы №639 сайлау учаскесіндегі қарбалас таңсәріден басталды. Таңғы сағат жетілерден бастап сайлау учаскесіне жұртшылық ағыла бастады. Бәрінің де жүздері жарқын, көңілдері шат-шадыман. Еліміздің мемлекеттік Әнұраны шырқалып, салтанатты сәт өткен соң алғашқы сайлаушылар дауыс беруді бастады.

№639 сайлау учаскесінде учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Алпысбекова Айжан Амантайқызының айтуынша мұнда 1920 сайлаушы тіркелген. Сағат таңғы 8.00-дегі мәлімет бойынша 50-ден астам ауыл тұрғындары келіп, өз таңдауларын жасады.

Айжан Амантайқызы өз сөзінде дәл қазірден бастап, ұлт тағдырын айқындайтын тарихи шешімдер қабылданып жатқандығын айтып өтті. «Қазір науқан белсенді өтіп жатыр. Кешке дейін сайлаушылар түгел дауыс беріп үлгереді деп сенеміз», — деді ол.

Р. ҚАДІРЖАН.

Ақмол.

Өзге де жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button