
23 тамыз – Құрылтай сайлауы: азаматтық жауапкершілік күні
23 тамыз – Құрылтай сайлауы: азаматтық жауапкершілік күні
2026 жылғы 23 тамызда елімізде Құрылтай депутаттарын сайлау өтеді. Бұл – азаматтардың елдің қоғамдық-саяси өміріне қатысуына мүмкіндік беретін маңызды үдеріс.
Сайлау – әр азаматтың өз таңдауын еркін білдіруіне арналған демократиялық тетік. Қоғамның тұрақты дамуы мен болашағын қалыптастыруда азаматтардың белсенділігі мен жауапкершілігінің маңызы зор.
Әр отбасыда елдің болашағына бейжай қарамай, жас ұрпаққа азаматтық жауапкершілік пен қоғамдық құндылықтарды түсіндіру – маңызды міндеттердің бірі. Сайлау мәдениетін қалыптастыру, заң талаптарын сақтау және әр азаматтың өз құқықтары мен міндеттерін білуі қоғамдағы өзара құрмет пен жауапкершілікті нығайтады.
23 тамыздағы сайлау – азаматтардың заң аясында өз таңдауын білдіретін күн. Бұл үдеріс әркімнің жеке шешімі мен ерікті таңдауына негізделеді.
Айнаш Бекбаевна
Целиноград ауданының Аналар кеңесінің төрайымы



