
🎨🇰🇿 Азаматтардың дауысы — кенепте
🎨🇰🇿 Азаматтардың дауысы — кенепте
Тарихты тек сандар мен хаттамаларда ғана емес, бояулармен де сақтауға болады.
Бүгін Целиноград ауданындағы №733 (Ақмол ауылы) және №687 (Ы. Алтынсарин ауылы) сайлау учаскелеріне келген тұрғындар Құрылтай сайлауында өз таңдауын жасады.
Ал шығармашылық бастамаға қатысушылар — Ниязбекова Ұлдана мен Искендирова Айжан Қайратқызы — бұл маңызды күнді өз көзқарастарымен бейнеледі. Олар сайлаушылардың көңіл-күйін, шынайы эмоциясын және ел үшін маңызды сәттің ерекше атмосферасын кенепке түсірді.
🎨 Осылайша азаматтық ұстаным өнерге айналып, қарапайым дауыс беру күні тарихтың жарқын сәтіне айналды.
Өйткені ел тарихы тек үлкен шешімдерден тұрмайды. Ол әр адамның таңдауы, ісі және дауысынан қалыптасады.
Бүгін таңдау жасаймыз. Бүгін жасампаздық танытамыз. Бүгін Қазақстан тарихын бірге жазамыз! 🇰🇿
#Құрылтай #Сайлау #ЦелиноградАуданы #Ақмол #АзаматтықҰстаным #Өнер #ТарихБеттері Ақмола облысы
Целиноград ауданы
Ішкі саясат бөлімінің
бас маманының м.а.
Ж.А.Кажмуханова



