
ӘКІМ САЙЛАУЫ – ЕЛГЕ СЫН
Сайлау-2026
ӘКІМ САЙЛАУЫ – ЕЛГЕ СЫН
Ауыл әкімдерін сайлау – маңызды демократиялық қадам. Ауылдық округ әкімдерін тікелей сайлау – азаматтардың өздерінің конституциялық құқықтарын толыққанды іске асырудағы белсенділігін нығайтып, халықтың билікке деген сенімін және әкімнің халық алдында есеп беруін күшейтеді.

Сондай-ақ, ауыл әкімінің халықтың қажеттіліктері мен проблемаларына жедел ден қоюын арттырады. Демек, ауыл әкімі тек сайланып қана қоймай, оны сайлаған қауымдастық алдында бақылауда болады.
Бүгін, яғни 13 қыркүйек күні Целиноград ауданының Қоянды ауылында әкімдер сайлауы өтіп жатыр.
№653 сайлау учаскесінің төрағасы Амантай Дәлелханұлының айтуынша бұл сайлау учаскесінде 2615 сайлаушы тіркелген екен.
Жалпы, адамдардың сайлауға келіп өз таңдауларын жасауы жақсы жүріп жатыр. Біз де олардың жұмыстарына сәттілік тілейміз.
Р. ҚАДІРЖАН, өз тілшіміз.
Қоянды.



