
«Аула Fest» — жақсы көңіл-күй мекені!
«Аула Fest» — жақсы көңіл-күй мекені!
Софиевка ауылында әр буын өкілдерін біріктірген жылы да әсерлі мереке өтті. Жәрмеңке, өнер, ән-күй, күлкі мен көтеріңкі көңіл-күй ауыл тұрғындарына ерекше қуаныш сыйлады.
Әсіресе, аға буын мен жастардың бірге бас қосып, әңгіме айтып, тәжірибе бөлісіп, уақытты көңілді өткізуі — мерекенің мәнін арттыра түсті. Осындай кездесулер адамдарды жақындастырып, ауыл өмірін ажарландырады.
Бүгін еліміз үшін маңызды күн. Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет Құрылтай сайлауы өтіп жатыр. Әрқайсымыз сайлау учаскесіне барып, өз таңдауымызды жасап, еліміздің және туған өлкеміздің болашағына өз үлесімізді қоса аламыз.
Әр адамның таңдауы маңызды! Қазақстанның жарқын болашағын бірге қалыптастырайық!
Софиевкада бүгін — мереке,
Ақмола облысы
Целиноград ауданы
Ішкі саясат бөлімінің
бас маманының м.а.
Ж.А.Кажмуханова



