Заң және Қоғам

ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМНІҢ НЕГІЗІ ҚАЛАНАДЫ

Сайлау-2026

ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМНІҢ НЕГІЗІ ҚАЛАНАДЫ

Аудан орталығы Ақмол ауылындағы жалпы білім беретін мектебінде орналасқан №640 сайлау учаскесінде де сайлау таңсәріден басталды.

Келген адамдардың жүздері жарқын, көңілдері көтеріңкі.

Учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Қарлығаш Мергенқызы Бекімова саяси науқанның ойдағыдай өтіп жатқандығын тілге тиек етті. Оның пікірінше, мәслихаттармен қатар қоғамдық кеңестер мен әкімдіктер жанындағы консультативтік органдар да жергілікті институттарды дамытуда маңызды рөл атқарады. Өз кезегінде мәслихат сайлауы жергілікті деңгейдегі өкілді органдар жүйесін жаңарту ісінің соңғы кезеңі болмақ.

«Бүгін – еліміз үшін маңызды саяси күн. Әр адам Қазақстан азаматы ретінде тіркелген сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасауы тиіс. Жалпы сайлау учаскеміз бойынша 2173 адам тіркелген. Келушілер саны жақсы. Кешке дейін сайлаушыларымыз келіп, өз таңдауларын жасайтынына сенімдіміз» дейді Қарлығаш Мергенқызы.

Сондай-ақ ол бүгінгі сайлау нәтижелері еліміздің одан әрі дамуына оң әсер ететініне сенім білдірді. Бұл өзгерістер Қазақстан үшін жаңа әрі маңызды кезең екеніне тоқталды.

Р. ҚАДІРЖАН.

Ақмол.

Өзге де жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button