
Құқықтық көмек алудың қызметі жаңғыруда
Құқықтық көмек алудың қызметі жаңғыруда
Ақмола облысы Әділет департаменті бірқатар маңызды бағыттар бойынша нәтижелі жұмыс атқарды. Аталған кезеңде 189 нормативтік құқықтық актінің жобасы келісуге ұсынылды, оның ішінде 23 акт мемлекеттік тіркеуге алынды. 17 акт бойынша 4 ұсыныс енгізілді. Бұл туралы Ақмола облысы Әділет департаменті өкілдері брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.
Департамент 12 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді. 2025 жылдың І тоқсанында 318 қызмет көрсетілді.«Реинжиниринг аттестации» пилоттық жобасы аясында адвокаттық, нотариаттық және жеке сот орындаушы қызметіне аттестаттау процесі автоматтандырылды.
«ЦИФРЛЫҚ СЕНІМХАТ» ЖОБАСЫ АРҚЫЛЫ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР EGOV MOBILE BUSINESS ҚОСЫМШАСЫНДА СЕНІМХАТТАРДЫ ОНЛАЙН РӘСІМДЕЙ АЛАДЫ. «ЦИФРЛЫҚ НОТАРИАТ» ЖОБАСЫ БЕЙНЕҚОҢЫРАУ ЖӘНЕ БИОМЕТРИЯЛЫҚ СӘЙКЕСТЕНДІРУ АРҚЫЛЫ НОТАРИАТТЫҚ ӘРЕКЕТТЕРДІ ҚАШЫҚТАН ОРЫНДАУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ», ДЕДІ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ.
Осы жылдың І тоқсанында облыс нотариустары 15 865 атқарушылық жазба жасады, оның ішінде 1 637-сі жойылды.
«Е-ЗАҢ КӨМЕГІ» ЖОБАСЫ АДВОКАТТАР МЕН ЗАҢ КЕҢЕСШІЛЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТІН АВТОМАТТАНДЫРЫП, АЗАМАТТАРҒА 24/7 РЕЖИМІНДЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС АЛУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ. 2025 ЖЫЛЫ 3 161 АЗАМАТҚА МЕМЛЕКЕТТІК КЕПІЛДЕНДІРІЛГЕН ЗАҢ КӨМЕГІ КӨРСЕТІЛДІ», ДЕЙДІ СПИКЕР.
2025 жылдың І тоқсанында 147 тіркеу әрекеті жүргізілді. Мүлік иелері бірлестігі тіркеу процесі онлайн форматқа ауыстырылып, 5 электрондық тіркеу жүзеге асырылды.
Департамент 169 құқықтық түсіндіру іс-шарасын өткізіп, әлеуметтік желілер мен ведомстволық сайттарда 794 жарияланым орналастырды. «Халық заңгері», «Әділет кеңес береді» және «Тегін заң көмегі күндері» акциялары тұрақты түрде өткізіліп келеді. Сондай-ақ, ауылдық округтерде 238 «Құқық кабинеті» ашылып, 2025 жылдың І тоқсанында 2 137 азаматқа қызмет көрсетті.
Ақмола облысы Әділет департаменті құқықтық мәдениетті арттыру және азаматтардың құқықтық сауаттылығын көтеру бағытында жұмыстарын жалғастыруда.