Аудан өміріБарлық жаңалықтарЗаң және Қоғам

УАҚЫТ СЫНЫ – ЕЛГЕ ОРТАҚ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған Конституциялық реформа саяси өзгерістерге толы болмақ.

Осы аптаның ішінде астаналық ауданға Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаттары Асқарбек Үйсімбаев пен Юрий Ли Жаңа Қазақстанның құрылымы жайында сөз қозғап, Атазаңға енгізілетін тың өзгерістер туралы өз ойларын ортаға салды.

 

Соған сәйкес Президентке тиесілі үлкен қызметтік міндеттер де біраз шектелетін болады. Оның есесіне саяси партиялардың, түрлі деңгейдегі депутаттардың рөлі артады.

Мемлекет басшысының Үкімімен бұдан былай аудандық және ауылдық деңгейдегі әкімдер жұмыстан босатылмайды. Себебі, оларды халық сайлайтын болса, оған жоғары лауазымды қызметкердің үкімі жүрмейді.

Сәрсенбі күні Целиноград ауданының әкімі Бақытбек Амантайұлы Оспанбеков арнайы жұмыс сапарымен келген Мәжіліс депутаты Юрий Виссарионович Лимен Ақмолдағы «Жұлдыз» балабақшасында, сондай-ақ «Шаңырақ» ЖШС-да жылы шырайлы кездесулер ұйымдастырды.

Ауданның мемлекеттік қызметкерлерімен алқалы жиын әкімдіктің мәжіліс залында өтті.

Алдағы болатын референдум туралы ой қозғаған депутат жұртшылықты мемлекеттік шараға белсенді түрде атсалысуға үндеді.

Целиноград ауданы Қоғамдық Кеңесінің төрағасы Сағадат Қайыржанұлы Әшебеков салиқалы саясатты қолдап келген Парламент депутатына ел тарапынан алғысын білдірді.

Биылғы жылдың 5 маусымында өтетін республикалық референдумға белсене атсыласайық, қадірлі жамағат!

Жанат ТҮГЕЛБАЕВ, Қазақстанның Құрметті журналисі.

Өзге де жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button