Заң және Қоғам

Сайлау-2024

 

Шұбар ауылындағы №654 сайлау учаскесінде де сайлау ойдағыдай өтіп жатыр десек болады.   Осындағы №2 негізгі мектеп ғимаратын  келушілердің  қатары біршама екен. Таңғы сағат 7-ден бастап,  өздері таңдаған адамдарына дауыс беруге асығулы.

Сайлау комиссиясының төрайымы Сәрсенова Мәншүк Төлеубайқызы мен тәуелсіз бақылаушы Ахмет Жексенбаевтың айтуынша,  науқан ұйымшылдықпен ың-шыңсыз өтіп жатқан көрінеді.

Алғашқылардың қатарында  дауыс бергендер  сыйлықтарын да алып үлгерген. Солардың бірі – ауыл тұрғыны, мүгедек Назымбек Түспеков есімді азамат. Қимыл-қозғалысы қиындап, таяққа сүйеніп әзер жүрсе де осы жерге келуінің өзін  ерлікке пара-пар деп айтсақ болады. Оған да біздің көзімізше белгіленген сыйлық табыс етілді.

Кешкі 20-00-ге дейін   дейін барлығы 239 адам келіп дауыс беруге тиіс.

Р. ҚАДІРЖАНҚЫЗЫ.

Шұбар ауылы.

 

Өзге де жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button