Заң және Қоғам

«Құрылтай сайлауы – елдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды үдеріс»

«Құрылтай сайлауы – елдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды үдеріс»

 

Құрылтай сайлауы – еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды үдерістердің бірі.

 

Сайлау азаматтардың мемлекеттік басқару ісіне қатысу құқығын жүзеге асырудың заңмен белгіленген тетігі болып табылады. Бұл үдеріс қоғамдағы демократиялық қағидаттардың жүзеге асуына және азаматтардың өз ұстанымын заңды негізде білдіруіне мүмкіндік береді.

 

Әрбір азаматтың сайлауға қатысу құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген. Сайлау процесі заң талаптарына сәйкес ашықтық, әділдік және заң үстемдігі қағидаттары негізінде ұйымдастырылады.

 

Құрылтайдың қызметі қоғамдық мәселелерді талқылауға, ұсыныстарды қарастыруға және елдің дамуына қатысты түрлі бастамаларды зерделеуге бағытталған. Сайлау үдерісі осы институттың қалыптасуындағы заңнамамен айқындалған кезеңдердің бірі болып саналады.

 

Қазіргі таңда елімізде заң үстемдігі, қоғамдық келісім және тұрақты даму қағидаттарына ерекше көңіл бөлінуде. Бұл қағидаттар мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі ретінде қарастырылады.

Целиноград ауданының эксперті Оралбекұлы Дидар

Өзге де жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button