Аудан өміріБарлық жаңалықтарЗаң және Қоғам

ӨМІРІМІЗ ОҢ ӨЗГЕРІСТЕРГЕ ТОЛЫ БОЛСЫН

Біз қуанышты жаңалыққа жанымыз құмар елміз.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХА сессиясы барысында Конституцияға өзгерістер енгізу жөнінде бүкілхалықтық референдум өткізу туралы сөзін естіп қуанып қалдық.
Алда Қазақ халқын, барша ел тұрғындарын тарихи өрлеу мен серпіліс кезеңі күтіп тұр.
Біз өзіміздің ел алдындағы, қоғам алдындағы жауапкершілігімізді толық сезіне отырып, республика барлық жағынан әлеммен үзеңгі қағыстырған тұста саяси және әлеуметтік зерделілік танытуға тиіспіз.
Экономикасы қарыштап дамып, алдағы күндерге бүгінгіден де зор міндеттер қойып отырған және сол мұрат-мақсаттарды іскерлікпен шешуге кіріскен Қазақстанды қазіргіден де қуатты қарқынмен дамытудың бірден-бір кепілі болған Президентімізге қолдау білдіріп, Жаңа Қазақстанды бірге құруға атсалысқанымыз дұрыс деген пікірдемін.
Ел Президенті «Бірлік, татулық және бейбітшілік – біздің мызғымас құндылықтарымыз» деп өз сөзінде айтқанындай, бірлігімізді танытайық.
Қазақстанның болашағын жақсартуға, дамыған елдер қатарына қосылуына – бір кісідей жұмылайық.
Жасасын Қазақ елі! дегім келеді.
Жанат ТҮГЕЛБАЕВ.

Өзге де жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button