Заң және ҚоғамСаясат

ҰЛЫ ІСТЕРДІҢ БАСТАУЫ

 

Жастарды патриоттық тұрғыда тәрбиелеу – мемлекеттік жастар саясатының бір бөлігі. Өз елінің патриоты болу – кез келген адам үшін әрқашан үлкен құрмет. Бірақ, адам патриот болып тумайды, патриот болып қалыптасады.

Бұл сондай-ақ елдің болашағы үшін күрес, қылмыс, нашақорлық, маскүнемдік  және экстремистік көңіл-күйдің өсуі және т.б. сияқты жағымсыз құбылыстарға қарсы күрес.

Жастарды патриоттық рухта тәрбиелеудің маңызы өскелең ұрпаққа ұлттық идеологияның мәні мен мақсаттарын көрсету, қазақстандықтарды ұлттық мәдениеттерді, тілдерді, әдет-ғұрып пен дәстүрді дамытуды ынталандыру арқылы тәрбиелеу болып табылады.

Қазақ этносының рухани және тарихи мұрасы Қазақстан идеологиясының өзегі. Ол Қазақстанның көп этносты халқының гуманистік, адамгершілік әлеуетін пайдалану жолымен байытылуда. Біз бүгін өз Отанымыз – Егемен Қазақстанға деген сүйіспеншіліктің негізгі принциптерін жүзеге асырып жатсақ, күні ертең  болашақ ұрпақ  біздің арманымыз бен үмітімізді іске асырады.

Әрбір азамат өзін-өзі танудың арқасында қоғамға қажет мемлекеттік идеологияны жүзеге асыруға ықпал ете алады. Патриотизм рухында тәрбиеленген адам ғана салуатты  қоғам мен мықты мемлекет құра алады.

Нағыз ұлтжанды адам ешқашан өз елінің қаскүнемі болмайды. Егер халық өз Отанына деген сүйіспеншілік пен адалдық сезімімен біріктірілмесе, мемлекет те, қоғам да күшті бола алмайды. Патриотизмнің жоғары деңгейі – ұлттың жоғары бәсекеге қабілеттілігінің кепілі.

Сондықтан осы саладағы мемлекеттік саясаттың бірқатар маңызды бағыттары бар екендігін айта кету керек. Біріншіден  – өскелең ұрпақты тәрбиелеудің іргелі негізі  білім беру саласы. Екіншіден – ұрпақтар сабақтастығына қатысты мәдениет саласы. Үшіншіден, бұл ұлтаралық келісім саласы. Қазақстан – барлық қазақстандықтардың ортақ Отаны. Біздің ортақ үйімізде бейбітшілік пен келісімге ықпал ету – әрбір азаматтың парызы. Төртіншіден, конфессияаралық келісім мен ашық либералдық қоғам саласы. Бесіншіден, бұл ақпараттық кеңістік саласы. Ақпараттық технологиялардың дамуы мен соңғы аспекттің маңызы зор.

Әлия ХАСЕНОВА, Жастар орталығының маманы.

Ақмол.

Өзге де жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button