Заң және ҚоғамСаясат

Қазақстандықтар Мәжілісте қандай партияларды көргісі келеді – сауалнама

АСТАНА. ҚазАқпарат – 19 наурызда өтетін Мәжіліс және мәслихаттар сайлауында дауыс беретін қазақстандықтардың дені көппартиялылықты қолдайды. Бұл туралы қоғамдық сауалнама нәтижесінде белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қоғамдық пікір» зерттеу институты биылғы 25-28 қаңтар аралығында телефон арқылы сауалнама жүргізді. Оған 17 облыстан және Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 18 жастан асқан 1200 респондент қатысқан.

Қоғамдық сауалнама нәтижесі көрсеткендей, кезектен тыс Парламент сайлауында дауыс беруге ниеттілердің 48,6% AMANAT партиясын қолдауға бел буып отыр. «Ауыл» партиясы өкілдерін қолдайтындар – 6,2%,ал «Ақжол» үшін халықтың 5,4% дауыс бермек.

Басқа партиялар бойынша сауалнама қорытындысы: Қазақстан халық партиясы – 4,8%, Respublica – 3,6%, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – 3,2% және «Байтақ» 2,8%.

Респонденттердің 2,6% «барлығына қарсымын» бағанын белгілемек.

Сауалнамаға қатысқандардың 22,8% партиялар бойынша жеке таңдауын әлі жасамаған.

Сайлаушылардың көпшілігі саяси плюрализмді жақтайды: төменгі палатада бес немесе одан көп партияның болғанын қолдайтындар – 27,8%, сондай-ақ 6,6% – төрт, 16,8% – үш, 12,% екі партиялы Мәжілісті қалайды.

Цифрлардың ауытқуы +/- 2,8% құрайды.

Азаматтардың алдағы сайлауға қатысты пікірін білу Орталық сайлау комиссиясының ресми рұқсатымен жүргізілген.

 

Өзге де жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button