Заң және Қоғам

Ақмола облысының агроөнеркәсіптік кешен: Тұрақты даму мен жоғары өнімділіктің жаңа кезеңі 

Ақмола облысының агроөнеркәсіптік кешен: Тұрақты даму мен жоғары өнімділіктің жаңа кезеңі

 

Ақмола облысы биылғы жылы агроөнеркәсіп саласында елеулі жетістіктерге қол жеткізіп, егін және астық жинау кампанияларын сәтті аяқтады. Бұл туралы Ақмола облысы әкімінің орынбасары Мұрат Балпан журналистермен өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.

 

Облыс әкімі орынбасарының айтуынша аймақта ауыл шаруашылығының негізін құрайтын егіншілік және мал шаруашылығында агротехникалық шаралар толық көлемде орындалып, салаға қажетті барлық жұмыстар уақытылы жүргізілді.

 

«Ақмола облысы агроөнеркәсіптік кешенін дамытуда айтарлықтай жетістіктерге жетті. Әртараптандыру мен агротехнологияларды енгізу арқылы біз өнімділікті арттырып қана қоймай, өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге де зор үлес қосып отырмыз», — деді ол.

 

Биылғы жылы Ақмола облысының егіс алқабы 5,4 млн гектарды құрады, оның ішінде 4,7 млн гектар жерге дәнді дақылдар егіліп, биылғы астық өнімділігі айтарлықтай жоғары болды. Барлығы 6,6 млн тонна астық жиналды, ал орташа өнімділік 14,1 центнерді құрады. Бұл өңір үшін рекордтық көрсеткіш. Сонымен қатар, облыс астығының 60%-ы үшінші санатқа сәйкес келеді, бұл өнімнің жоғары сапасын көрсетеді. Ақмола облысы әкімінің орынбасары бұл жетістікке ерекше тоқталып өтті.

 

«Биыл біз өнімділік пен сапаны арттыруда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткіздік. Қолданылған агротехнологиялар мен элиталық тұқымдар, минералды тыңайтқыштарды ұтымды пайдалану өнімнің сапасын жақсартты», деді ол.

 

Ауыл шаруашылығын әртараптандыру мақсатында Ақмола облысында майлы дақылдар мен жемшөп дақылдарының егіс алқаптары кеңейтілді. Майлы дақылдар егісінің көлемі 36%-ға ұлғайтылып, 269 мың гектарға жетті. Ал жемшөп дақылдары аграрлық сектордың қажеттіліктерін толық қамтамасыз ету үшін арттырылды.

 

Ақмола облысының мал шаруашылығы саласы да маңызды жетістіктерге жетті. Облыс құс еті мен жұмыртқа өндіру бойынша республикада жетекші орын алады. Сүтті және етті мал шаруашылығын дамыту үшін инвестициялық жобалар іске асырылуда, бұл өндірісті арттырып, жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.

 

«Мал шаруашылығын дамыту — біздің аймақтағы басты бағыттардың бірі. Жеңілдетілген несиелеу арқылы сүт-тауар фермаларын дамытуға бағытталған жобалар іске асырылуда. Осылайша біз облыстың сүт өндірісін 40 мың тоннаға арттыруды жоспарлап отырмыз», деді толықтырды Мұрат Балпан.

 

Өңдеу саласында да айтарлықтай өзгерістер болды. Ақмола облысында 67 өңдеу кәсіпорны жұмыс істейді, олардың арасында астық өңдеу, сүт, ет өнімдерін шығаратын кәсіпорындар бар. 2024 жылы өңделген азық-түлік өндірісінің көлемі 208 млрд теңгеден асты, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5% -ға артық.

 

«Өңдеу саласын дамыту арқылы біз ауыл шаруашылығы өнімдерінің қосымша құнын арттырып, өңір экономикасын нығайтуды жалғастырып отырмыз. Өңделген сүт, ірімшік, өсімдік майы және ұн өндірісінің көлемі артты», деді облыс әкімінің орынбасары.

 

Ақмола облысы экологиялық бастамаларды да белсенді түрде жүзеге асыруда. 2021 жылдан бастап орман қорының көлемін арттыру жұмыстары басталды. Осы уақыт ішінде 8 мың гектар жерге 56 миллион ағаш отырғызылды. 2027 жылға дейін тағы 95 миллион ағаш отырғызу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, су ресурстарын қорғау және су тасқынынан қауіп-қатерді болдырмау мақсатында өңірде өзен жағалауларын нығайту, арналарды тереңдету және гидротехникалық объектілер салу жұмыстары жалғасуда.

 

2025 жылы Ақмола облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін әртараптандыру, сапаны жақсарту және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жалғаса береді. Жер ресурстарын тиімді пайдалану және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.

 

«2025 жылы ауыл шаруашылығын дамыту бойынша жұмыстарды жалғастырып, өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуды, өнімнің сапасын арттыруды және қайта өңдеу саласын дамытуға бар күшімізді саламыз», деп қорытындылады Мұрат Балпан.

 

Ақмола облысының агроөнеркәсіптік кешенінде атқарылып жатқан жұмыстар мен қол жеткізілген жетістіктер өңірдің тұрақты дамуына үлкен ықпал етіп келеді.

Өзге де жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button