Аудан өмірі

Нұресіл ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өтті

Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Қ.Ағзамұлы, Целиноград аудандық мәслихатының хатшысы Л.А.Қонарбаева, Нұресіл ауылдық округінің әкімі С.А.Ысқақов, Целиноград ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А.С.Джумағұловтың қатысуымен Нұресіл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық өкілдерімен кездесу өткізді.

Жергілікті қоғамдастық мүшелері кездесу барысында жол жөндеу мәселесі, жолдардың жағдайы туралы мәселе көтерді. Әсіресе Жаңа Жайнақ ауылы тұрғындары ауыл іші көшелері жолдарын жөндеу аяқталмағанын, жобалау кезіндегі қателіктер, жаяу жүргінші жолдары мәселесі қозғалды.Тұрғындар көктемгі мезгіл кезінде еріген қар суынан зардап шегетіндерін, жол бойындағы арықтар мәселесін шешуін жеткізді.

Аталмыш кездесу барысында қарастырылған сұрақтар бойынша тиісінше шешім қабылданатыны ескерілді.

Өзге де жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button