Заң және Қоғам

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ

2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты депутаттарының сайлауында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшерлерін белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына, 33-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мынадай мөлшерлері белгіленсін:

1) бағдарламаны теледидар, радио арқылы баяндау және баспа басылымдарында екі мақала жариялау – 400 000 (төрт жүз мың) теңге;

2) кандидаттардың сайлау алдындағы жария іс-шараларын өткізуге, кандидаттардың үгіт материалдарын шығаруға – 70 000 (жетпіс мың) теңге;

3) көліктік шығыстар — 80 000 (сексен мың) теңге.

  1. Осы қаулы облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалалық сайлау комиссияларына жіберілсін.
  2. Облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалалық сайлау комиссиялары осы қаулыны тіркелген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың назарына жеткізсін.
  3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.

 

Төраға м.а. К. Петров
Хатшы М. Ерман

Астана қаласы,

2022 жылғы 15 желтоқсан

№ 123/617

 

Өзге де жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button