
Закон и Общество
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде өңірлердің дамуы – бүкіл мемлекеттің дамуының негізі екенін ерекше атап өтті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде өңірлердің дамуы – бүкіл мемлекеттің дамуының негізі екенін ерекше атап өтті. Оның айтуынша, аймақтар қуатты әрі экономикалық тұрғыдан тұрақты болса, мемлекет те соғұрлым мықты болады. Сондықтан өңірлердің экономикасын нығайту, жаңа жұмыс орындарын ашу, халықтың әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың негізгі стратегиялық бағыттарының бірі болып қала береді. Президент бұл бағыт алдағы уақытта да мемлекеттің басты назарында болатынын жеткізді.



