
«Әр буын үшін жаңа мүмкіндіктер»
«Әр буын үшін жаңа мүмкіндіктер»
Опан ауылында жаңа спорттық және балалар алаңы ашылды!
Опан ауылында белсенді демалыс пен қарым-қатынасқа арналған жаңа кеңістік пайда болды. Мұнда баскетбол алаңы, воркаут аймағы және заманауи балалар ойын алаңы ашылды.
Енді ауыл тұрғындарының әрқайсысы уақытын пайдалы әрі көңілді өткізе алады: кішкентай балалардан бастап аға буын өкілдеріне дейін. Балалар үшін — ойындар мен қызықты демалыс, жастар үшін — спорт пен қозғалыс, ересектер үшін — белсенді демалыс пен өзара қарым-қатынас мүмкіндігі.
Мұндай алаңдар — жай ғана абаттандыру емес. Бұл — салауатты әдеттер қалыптасып, денсаулық нығая түсетін және бүкіл отбасы болып бірге уақыт өткізуге мүмкіндік артатын жайлы орта құру.
Бүгін мұнда жаңа күн басталды — күлкіге, қозғалысқа және жаңа мүмкіндіктерге толы күн!
Алаң ауыл тұрғындарының сүйікті орнына айналып, ал белсенді өмір салты әр буынның игі дәстүріне айналсын!
Целиноград аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманының м.а.
Ж.А. Кажмуханова


