Закон и Общество

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Қазақстанның болашағы ең алдымен өз азаматтарымызға байланысты екенін ерекше атап өтті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Қазақстанның болашағы ең алдымен өз азаматтарымызға байланысты екенін ерекше атап өтті. Оның айтуынша, елімізді дамыту, өркениетті елдердің қатарына қосу – біздің ортақ міндетіміз. Қазақстаннан басқа біздің Отанымыз жоқ, сондықтан оның дамуы мен өркендеуіне ең алдымен өзіміз жауаптымыз.

Президент сондай-ақ халқымыздың тарихы күрделі әрі қасіретті кезеңдерге толы болғанын атап өтті. Дегенмен, өткенді үнемі қайғырып еске ала беру немесе мұңға бату дұрыс емес екенін айтты. Оның пікірінше, халық әрқашан болашаққа сеніммен қарап, алға ұмтылуы керек.

Мемлекет басшысы қазіргі заманда ұлт табысты болуы үшін заман талаптарына бейімделіп, санасын жаңартып, үнемі ілгерілеуге ұмтылуы қажет екенін жеткізді. Себебі үнемі мұңға батқан, өткенмен ғана өмір сүретін халық ешқашан табысты әрі бақытты бола алмайды. Сондықтан қоғамның басты мақсаты – алға қарап, даму мен жаңғыру жолымен жүру деген маңызды ой айтылды.

Другие новости

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»