
Ұлттық құрылтай – халық үнін еститін маңызды алаң
Ұлттық құрылтай – халық үнін еститін маңызды алаң
Ұлттық құрылтай – қоғам мен мемлекеттің өзара сенімін нығайтып, елдің болашағына қатысты маңызды шешімдерді талқылайтын беделді қоғамдық институт. Мұнда әртүрлі сала өкілдерінің пікірлері ескеріліп, елдің дамуына бағытталған нақты ұсыныстар қалыптасады.
Қазақстанның басты құндылығы – бірлік пен тұрақтылық. Осы құндылықтарды сақтай отырып, мемлекет әлеуметтік әділеттілікке, заң үстемдігіне, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға және ұлттық бірегейлікті нығайтуға ерекше назар аударып келеді.
Ұлттық құрылтайдың басты мақсаты – қоғамды толғандыратын мәселелерді ашық талқылап, халықтың үнін мемлекеттік саясатпен ұштастыру. Бұл – ел болашағына бейжай қарамайтын әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігін көрсететін маңызды қадам.
Біз бірлігімізді сақтап, өзара түсіністік пен келісімді нығайтқанда ғана Қазақстанның жарқын болашағын бірге қалыптастыра аламыз.
Целиноград ауданының «Татуласу орталығы» Медиация орталығының директоры
Ә.Т. Ибраева



