
БОЛАШАҚҚА ДЕГЕН СЕНІММЕН
Референдум-2026
БОЛАШАҚҚА ДЕГЕН СЕНІММЕН
Референдум – халықтың маңызды мемлекеттік мәселелер бойынша тікелей шешім қабылдауына мүмкіндік беретін дауыс беру түрі екендігі белгілі. Биылғы референдумда ел болашағын айқындайтын маңызды құжат – Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданбақ. Біз өз кезегімізде 2026 жылғы республикалық референдумның барысы туралы хабарламақпыз.
15 наурыз. Ақмол ауылы. Бұл күні аудан орталығындағы қарбалас таңсәріден басталды. №639 референдум учаскесіне азаматтар таңғы сағат жетіден ағыла бастады. Бәрінің де көңілдері көтеріңкі, жүздері жарқын. Референдум әдеттегідей Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылды.
Осыдан соң азаматтар өздерінің тіркелген жеке басын куәландыратын құжаттарын көрсетіп, референдум бюллетендерін алып жатты.
Референдум учаскесінің төрайымы Алпысбекова Айжан Амантайқызының айтуына қарағанда, саяси науқанға әзірлік ойдағыдай. Халықтың да белсенділігі жоғары болмақ, өйткені, жұртшылықтың жаңашыл өзгерістерге деген сенімдері орасан. Жалпы алғанда бұр учаскеде тіркелген адам саны 1914. Келушілер легі жоғары. Жарты сағаттың мөлшерінде 40-қа жуық адам дауыс беріп үлгерді.
Р. ҚАДІРЖАН.
Ақмол.



