Саясат

Мәжіліс пен мәслихат сайлауына үміткерлерді ұсыну бүгіннен басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлаудың күнтізбелік жоспарын бекітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кандидаттарды ұсыну сайлауды тағайындау туралы Жарлық жарияланған күннен басталады және 20 күнге созылады, 8 ақпанда әр аймақта жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады. Үміткерлерді тіркеу 20 қаңтардан 18 ақпанға дейін жалғасады. Сайлау алдындағы үгіт-насихат 18 ақпан күні сағат 18:00-де басталып, 18 наурыз сағат 00:00-ге дейін жүргізіледі. 18 наурыз – тыныштық күні. 19 наурыз – сайлау күні», — деді ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров.

Сайлау күні учаскелерде дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жүргізіледі.

«Дауыс беруді аяқтаудың өзге уақыты белгіленбесе, учаскелік сайлау комиссиялары жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де дауыс санауды, дауыс беру нәтижелері туралы хаттама жасауды бастайды. Осылайша, Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлаудың жалпы ұзақтығы – тағайындалған күннен бастап дауыс беру күніне дейін 59 күн болады», — деді ОСК төрағасының орынбасары.

Бұған дейін Константин Петров қандай ұйымдар кандидаттар ұсына алатынын, кандидатқа қандай талаптар қойылатынын түсіндірген еді.

 

Өзге де жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button