Заң және ҚоғамСаясат

Кипр парламентшілері президенттік сайлаудың сәтті өтуін тіледі

Қазақстанның Кипр Республикасындағы елшісі Сатыбалды Бұршақов Кипр Өкілдер Палатасының сыртқы және еуропалық істер жөніндегі комитетінің төрағасы — Кипр-Қазақстан парламентаралық достық тобының тең төрағасы Харрис Георгиадиспен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесу барысында Елші Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауы аясында Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер туралы хабардар етті, сондай-ақ Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі және Азиядағы ынтымақтастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитінің қорытындылары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Х. Георгиадис Қазақстандағы қоғамдық-саяси өзгерістерді оң бағалай отырып, қазақстандық парламентарийлермен өзара іс-қимыл жасауға дайындығын білдірді, сондай-ақ 2022 жылғы 20 қарашада өтетін президенттік сайлаудың сәтті өтуін тіледі.

 

Өзге де жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button