Заң және ҚоғамСаясат

Жұматай Әлиевтің кандидатурасы заң талаптарына толық сай келеді — ОСК

АСТАНА. ҚазАқпарат — Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президенттігіне кандидат Жұматай Әлиевтің ҚР Конституциясы және «ҚР сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңында қойылған талаптарға сәйкес келетінін растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР Конституциялық Заңының 54 -бабы, 3-тармағына және 2-тармақшасы, 6-тармағына және 56-бабына сәйкес орталық сайлау комиссиясы ҚР Президенттігіне кандидат Жұматай Әлиевтің ҚР Конституциясы және «ҚР сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңында қойылған талаптарға сәйкес келетіндігін қаулы етеді», — деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, ҚР Пезидентігіне кандидат Жұматай Әлиев мемлекеттік тілді меңгеру сынағанын сәтті өтті.

«Лингвистикалық емтихан үш кезеңде өткізілді. Жазба жұмысы, қазақ әдебиеті классиктерінің шығармасынан үзінді оқу және кандидат таңдаған тақырып бойынша көпшілік алдында сөз сөйлеу. Емтихан аяқталған соң, комиссия кандидаттың жауабын талқылап, қорытындысын шығарды», — делінген хабарламада.

Орталық сайлау комиссиясының ресми ақпаратына сәйкес, емтихан қорытындысы бойынша лингвистикалық комиссияның екі мүшесі қалыс қала отырып, көпшілік дауыспен кандидат Жұматай Әлиұлы Әлиевтің мемлекеттік тілді меңгергені туралы шешім қабылдады.

 

Өзге де жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button