5 маусым республикалық референдумЗаң және Қоғам

Белсенділік танытты

Бүгін 05.06.2022 жылы таңғы сағат 7-ден бастап Оразақ ауылдық округінің Бірлік ауылында 675 учаскесі Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі бойынша республикалық референдум өткізу үшін өз жұмысын бастады.
Таңғы жетіден референдумға қатысамын Азаматтық борышымды орындаймын деп, таңдау жасауға бірінші келген Бірлік ауылының тұрғындарына кішігірім сыйлақтар табысталды.


Ауылдың әрбір тұрғыны жеке дауыс береді. Бюллетень алу үшін жеке куәлік болуы керек.
Дауыс беру сайлау учаскесінің аумағында тіркелген тұрғылықты жері бойынша қатыса алады. Оған белсенді сайлау құқығы бар: 18 жасқа толған, әрекетке қабілетті, сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында тұрмайтын Қазақстан азаматтары енгізіледі.
Естеріңізге сала кетейік, жалпыхалықтық дауыс беру бүгін кешкі сағат 20.00-ге дейін жалғасады.

Өзге де жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button