
Заң және Қоғам
«Ашық аспан астындағы кино» — жылы кеш, жақсы көңіл-күй!
«Ашық аспан астындағы кино» — жылы кеш, жақсы көңіл-күй!
Целиноград ауданының Ақмол ауылында мектептің спорт алаңында ашық аспан астында отандық фильм көрсетілді. Таза ауа, жақсы кино, көтеріңкі көңіл-күй мен ауыл тұрғындарының басқосуы кешке ерекше жылулық сыйлады.
Ал бүгін өтіп жатқан Құрылтай сайлауы аясында Ақмол ауылының тұрғындары да өз таңдауын жасап, еліміздің болашағына өз үлестерін қосуда.
Кеше бірге кино тамашалап, бүгін бірге таңдау жасау — ауыл бірлігінің, елге деген жанашырлықтың жарқын көрінісі.
Ел болашағы — әрқайсымыздың таңдауымыздан басталады!
Ақмола облысы Целиноград ауданы
Жастар ресурстық орталығының директоры М. Ирешова



