Заң және Қоғам

БЕЙБІТШІЛІК ПЕН БІРЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ

БЕЙБІТШІЛІК ПЕН БІРЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ

 

Көпұлтты Қазақстанның басты құндылығы – ел ішіндегі татулық пен өзара құрмет.

Ақмола облысының Целиноград ауданында түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері бейбіт өмір сүріп, ел дамуына өз үлестерін қосып келеді. Солардың бірі – адал еңбегімен, адамгершілігімен және қоғамдық белсенділігімен елге танылған Магамет Батаевич Сукалов.

Магамет Батаевич 1951 жылы 7 тамызда Нұра ауылында дүниеге келген. 1957 жылы мектеп табалдырығын аттап, 1968 жылы білім ордасын тәмамдайды. Еңбек жолын 1969 жылы «Октябрь» кеңшарында малшы болып бастап, уақыт өте келе ағаш ұстасы, тракторист, бригадир, бөлімше басқарушысы секілді жауапты қызметтерді абыроймен атқарған.

1980 жылдан 2014 жылға дейін үздіксіз басқарушылық қызметте болып, ауыл шаруашылығы саласының өркендеуіне сүбелі үлес қосқан.

Қырық жылдан астам уақыт адал еңбек еткен ол туған жерінің өсіп-өркендеуіне, әлеуметтік тұрмыс пен ауыл мәдениетінің дамуына атсалысты.

Зейнетке шыққан соң да Магамет Батаевич қоғамдық өмірден шет қалған жоқ. Ауылда өтетін әрбір шара мен бастаманың ортасында жүріп, жастарға ақылшы, ауылдастарына тірек болып келеді.

Оның еңбек жолындағы табандылығы мен жауапкершілігі көптеген марапаттармен атап өтілген. Солардың қатарында:

* «Еңбек ерлігі үшін» медалі (1980 ж.);

* «Оныншы бесжылдықтың үздігі» төсбелгісі;

* Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаттары;

* «Ауыл еңбегі үшін» медалі;

* «Целиноград ауданына 90 жыл» мерекелік медалі;

* «Құрметті ардагер» төсбелгісі бар.

Бүгінде Магамет Батаевич – қоғамдық өмірдің белсенді мүшесі.

2006 жылдан бері – Ақмола облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі;

2015 жылдан – Кабанбай батыр ауылы ардагерлер кеңесінің төрағасы,

ал 2017 жылдан бастап – Целиноград ауданы «Достық үйінің» жетекшісі.

Ол – көпшілік құрметіне бөленген еңбек ардагері, он баланың әкесі, көпұлтты отбасының ұйытқысы және ауылдастарының мақтанышы.

Магамет Батаевич Сукаловтың өмір жолы – ел бірлігі мен еңбекқорлықтың, отансүйгіштік пен адамгершіліктің жарқын үлгісі.

Мұндай тұлғалар – жас ұрпаққа өнеге, қоғам тұрақтылығы мен татулықтың тірегі.

Камила Жетпісбаева,

Целиноград аудандық Ішкі саясат бөлімінің бас маманы.

Өзге де жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button