
Қазақстанда газ саласы қалай дамып жатыр?
🔥 Қазақстанда газ саласы қалай дамып жатыр?
Президентіміз Жолдауында атап өткендей, елімізде газ саласын кеңейтуге ерекше мән берілуде. Негізгі мақсат – халықты көгілдір отынмен көбірек қамту, жаңа өндірістер ашып, экономиканы дамыту.
✅ Қысқаша айтқанда:
• Қазақстанда газдандыру деңгейі бүгінде 62,4% болды. Яғни, 12,6 миллион тұрғын газбен қамтылған. Бұл өткен жылға қарағанда 2,4% көп.
• 2024 жылы 4000 шақырымнан астам жаңа газ құбыры тартылды, 93 жоба іске асты.
• 2025 жылы тағы 300 мыңнан астам адамды газға қосу жоспарланып отыр.
🏭 Үлкен жобалар да жүріп жатыр:
• Қашаған кен орнында жылына 1 млрд м³ газ өңдейтін зауыт салынып жатыр, 2026 жылы іске қосылады.
• Қарашығанақта қуаты жылына 4 млрд м³ болатын зауыт 2028 жылы жұмысын бастайды.
• Жаңаөзенде жылына 900 млн м³ газ өңдейтін зауыттың құрылысы басталды.
📍 Бұдан бөлек, Президентіміз Жолдауында атап өткендей, газ тасымалдау бағыттарын әртараптандыру үшін «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистральдық газ құбырының екінші желісі салынып жатыр. Бұл оңтүстік өңірлердің газбен қамтылуын күшейтіп қана қоймай, еліміздің транзиттік мүмкіндігін арттырады.
💡 Қарапайым тілмен айтсақ, Қазақстанда газдың қоры көбейіп қана қоймай, оны өңдейтін жаңа зауыттар да салынып жатыр. Бұл халық үшін қолжетімді газ, жаңа жұмыс орындары және таза энергияға көшу деген сөз. Сарапшы пікірі Т.Темирболат



