
Абай Құнанбайұлы және Ұлттық бірлік
Абай Құнанбайұлы және Ұлттық бірлік. Мәңгілік рухтың үндестігі
2025 жылы халқымыздың кемеңгер ойшылы, ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толып отыр. Бұл – бүкіл қазақ халқы үшін ғана емес, адамзат өркениеті үшін де маңызды рухани белес. Абайдың мұрасы – елдің жүрегінде сақталған мәңгілік құндылық. Ал оны бүгінгі Ұлттық бірлік күнімен үндестіре отырып қарастыру — қазақ қоғамының рухани тамыры мен болашағына терең бойлау.
Абай – рухани жаңғырудың бастауы.
Абай Құнанбайұлы — қазақтың жаңаша ойлауына, заманға бейімделуіне, әлемдік өркениетке қадам басуына жол ашқан дара тұлға. Ол өзінің өлеңдерімен, қара сөздерімен, аудармаларымен, өмірлік ұстанымымен ұлтты ұйыстырған рухани ұстаз болды.
Абайдың…. “Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп….”
деген жолдары – тек поэтикалық образ емес, ұлттар мен ұлыстар арасындағы татулықтың, бірліктің алтын қағидасы.
Ұлттық бірлік – Абай армандаған қоғам.
Бүгін де Қазақстанда жүзден астам этнос бір шаңырақ астында өмір сүруде. Бұл – ұлт көшбасшыларының сарабдал саясатының нәтижесі ғана емес, Абай сынды дана тұлғалардың идеялық негізінің жалғасы. Абай халықтарды білімге, еңбекке, бірлік пен достыққа үндеді. Ол ұлт ішіндегі алауыздықты сынап, татулықты – елдіктің тірегі деп білді.
Абай айтқан…
“Бірлік – ақылға бірлік” – деген сөз, бүгінгі таңда да мәнін жойған жоқ. Тек сыртқы форма емес, ішкі түсіністік пен сыйластық – нағыз бірліктің негізі.
Абай мұрасы – бүгінгі ұрпаққа аманат. Абайдың қара сөздері – жеке тұлғаны да, тұтас ұлтты да тәрбиелейтін рухани мектеп. Онда ар, ұят, намыс, еңбек, ғылым, әділет сияқты ұғымдар кеңінен қамтылған. Бұл ұғымдар тек қазақ үшін емес, бүкіл адамзат үшін маңызды құндылықтар.
Бүгінгі бірлік пен бейбіт өмір – Абай армандаған қоғамның жарқын көрінісі. Абайдың рухани мұрасын жаңа буын терең түсініп, санасына сіңірген сайын – еліміз де мызғымас рухпен, татулықпен дамиды.
Абай Құнанбайұлы – өткеннің ғана емес, бүгін мен болашақтың да шамшырағы. Оның идеялары бүгінгі Ұлттық бірлік күнімен үйлесіп, еліміздің рухани негізін бекемдей түседі.
Бірлік – елдіктің белгісі, Абай – сол бірліктің мәңгілік рухы.
Мәншүк Мәметова ауылының тұрғыны, көп балалы ана, қоғам белсендісі, тіл жанашыры, әкімшілік аппараты ММ-нің қызметкері, Аналар кеңесінің төрайымы, “Ауыл еңбегі үшін” төсбелгісінің иегері Есмағанбетова Алтынай Сәлімжанқызы.



