![](https://vestiakmola.kz/wp-content/uploads/2025/02/WhatsApp-Image-2025-02-07-at-10.49.11-780x470.jpeg)
Зеренді ауданына – 90 жыл: Мерейтойлық шаралар мен мәдениет саласындағы жетістіктер
Зеренді ауданы биыл 90 жылдық мерейтойын атап өтеді. Бұл атаулы датаға орай бірқатар іс-шаралар жоспарланып, ауданның мәдени өмірі ерекше назарда болмақ. Ауданның мәдениет саласы да жылдан-жылға дамып, жаңа жетістіктерге жетіп келеді. Бұл туралы аудан әкімінің орынбасары Қанат Жүсіпов брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.
Ауданда бүгінгі таңда 60 мәдениет мекемесі жұмыс істейді, ал мәдениет қызметкерлерінің саны 200 жуық. Сонымен қатар, 32 кітапханашы да аудан тұрғындарына мәдени және ақпараттық қызмет көрсетіп отыр. Өткен жылы Ақан және Приречное ауылдарында клубтардың ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілілген.
Айтуынша, бұл жұмыстар клубтардың жайлы әрі заманауи болуы үшін маңызды қадам болып отыр.
«Зеренді ауданында барлығы 247 клуб жұмыс істейді, олардың ішінде 6 ұжымға «Халықтық» атағы берілген. Бұл ұжымдар арасында «Сударушка» фольклорлық ансамблі, «Шежіре» фольклорлық-этнографиялық ансамблі, «Зерен» студиясының би ансамблі, «Арқа әуені» фольклорлық ансамблі сияқты танымал топтар бар. Әрқайсысы өз жанрында ерекше өнер көрсетіп, ауданның мәдениет саласының дамуына үлес қосып келеді», — деді аудан әкімінің орынбасары.
Жыл қорытындысы бойынша ауданның мәдениет үйі «Жыл үздігі-2024» номинациясында жеңімпаз атанды. Сонымен қатар, «Үздік ауылдық клуб» және «Үздік әдіскер» номинациялары бойынша да Зеренді ауданы жүлделі орындарға ие болды