5 маусым республикалық референдумЗаң және Қоғам

Референдумға оннан астам халықаралық ұйым аккредиттелді – СІМ

Маусымда өтетін референдумға оннан астам халықаралық ұйым өз бақылаушыларын аккредиттеді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Дипломатиялық корпус өкілдерімен өткен жиналыста Сыртқы істер министрі Қазақстандағы реформалар дағдарыстар мен оқиғаларға, оның ішінде пандемия, қаңтардағы тәртіпсіздіктер, әлемдегі геосаяси жағдай мен оның экономикаға салдарына қарамастан жүріп жатқанын атап өтті. «Осы факторлардың барлығына қарамастан, біздің еліміз дамудың жаңа деңгейіне батыл қадам басып, жаңа Қазақстанға қарай бет алды. Біз Үкімет ретінде референдумды ең үздік демократиялық стандарттарға сәйкес әділ және ашық түрде өткізуді қалаймыз. Біз, Үкімет ретінде, халқымыздың референдумда ауқымды реформаларды қолдайтынына үміттенеміз. Қоғамдық пікірге жасалған сауалнамалар да ұсынылған түзетулерге қолдау көрсетіп, сайлаушылардың салыстырмалы түрде көбірек келеді деген болжам жасауда. Бұл көңіл қуантады», — деді Мұхтар Тілеуберді. Сонымен бірге министр қазақстандықтарды өз құқығын пайдалануға және алдағы референдумда белсенді дауыс беруге шақырды. «Ұлт ретінде референдум кезінде және алдағы айларда реформалық бағдарламамызға халықаралық серіктестерден ауқымды және тұрақты қолдау аламыз деп үміттенеміз. Қазіргі уақытта оннан астам халықаралық ұйым мен кейбір мемлекеттер референдумда өз бақылаушыларын аккредиттеді», — деді М. Тілеуберді. Айта кетейік, биыл 5 маусымда республикалық референдум өтеді. Онда Конституцияның 33 бабына 56 өзгеріс енгізу мәселесі шығарылады.

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/referendumga-onnan-astam-halykaralyk-uyym-akkreditteldi-sim_a3937108

 

Өзге де жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button