Заң және Қоғам

Олжас Бектенов қауіпсіз еңбек жағдайының сақталуына қатаң бақылау жүргізуді, кәсіпорындардың цифрлық картасын енгізуді тапсырды

Мемлекет басшысы жариялаған жұмысшы мамандықтарын іске асыру мәселелері жөніндегі Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың жұмысшы кадрларды қолдау шаралары туралы баяндамасын тыңдап, еңбек заңнамасының, еңбек жағдайлары мен қауіпсіздігінің сақталуына бақылауды күшейту қажеттігін атап өтті.

«Кәсіпорындарда еңбек дауларына жол бермеу үшін алдын алу шаралары қабылдануға тиіс.
Сізге жұмысшылардың қауіпсіз еңбек жағдайларының сақталуына қатаң мониторинг жүргізуді, соның ішінде кәсіпорындардың цифрлық картасын енгізуді тапсырамын», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Салалық министрліктерге лайықты еңбек қағидаттарын ілгерілету және тиісті конвенцияларды ратификациялау үшін Халықаралық еңбек ұйымымен өзара тығыз іс-қимылды қамтамасыз ету тапсырылды.

Өзге де жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button