Референдум-2024АЭС - 2024Заң және Қоғам
ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЗОР ШАРА
Референдум-2024
ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЗОР ШАРА
Целиноград ауданы Қызылсуат ауылының нөмірі 688 сайлау учаскесінде халық үшін маңызы зор шара жалғасуда.
Ауыл адамдары сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасауда.
688 сайлау учаскесінің төрайымы Әсемгүл Омарбекқызы Төлегенова жұмыс барысымен таныстырып өтті.
Жалпы тіркелген сайлаушылар саны 720 адам. Оның 130-ға жуығы сайлау учаскесіне келіп дауыс берген екен.
Әлі уақыт бар, сондықтан біздің ауыл тұрғындары келіп, өз қолтаңбаларын жасайды деп сенеміз, дейді Әсемгүл Омарбекқызы.
Р. ҚАДІРЖАН.
Қызылсуат ауылы.