УАҚЫТ СЫНЫ АУЫР
УАҚЫТ СЫНЫ АУЫР
АЭС салу үлкен дау-дамайлы әңгімеге айналды.
Бірақ, уақыт сыны баршаға бірдей талап қойып отыр.
Келешегін ойлаған ел бұл жұмыстан бас тартпайтыны белгілі. Бүгін бе, ертең бе бұл мәселе алдымыздан шығатыны айқын.
Жан-жақтағы елдер біртіндеп осы жұмысты қолға алып жатыр. Қайсысын алмасаңыз: Франция, Қытай, Ресей, тіпті Украинаның өзінде үлкен серіліс байқалады.
Жер көлемінен 9-шы орынды алатын Қазақстан неге шет қалмақ?
Бұл өте күрделі әрі нақты талап. Ескі әдет бойынша орынсыз талап, сауалдар қоятындар көп.
Бірақ жан-жағымыздағы көршілер бұл істі біртіндеп меңгеріп жатқанда, біз неге қалыс қалуға тиістіміз.
Келешекті бүгіннен ойлау керек. Ол үшін батыл қадамдар жасауға тиістіміз. Жастарымыз оқып, АЭС мәселесін шешуге жан-жақты кірісуге тиісті. Уақыт сыны бізден найқалуды көтермейді.
Нұрзия Қанапияқызы, қарт ұстаз.