АЭС - 2024Заң және Қоғам

МАГАТЭ-нің миссиясы Атом электр стансасын салу – қазір күн тәртібінде тұрған мәселе.

Әрине, оның салынатыны я салынбайтыны референдумнан соң белгілі болмақ. Бірақ АЭС-ке қатысты пікір білдіріп жүрген мамандардың осы кезде аузына жиі ілігетін бір атау бар. Ол – «МАГАТЭ». АЭС салуды жақтайтын тараптың қауіпсіздік жайлы сөз болса, айтатын басты аргументі – осы МАГАТЭ. Ал «МАГАТЭ қандай ұйым, ол қалай құрылды, оның негізгі міндеттері не?» деген сауалдарға аталмыш мақалада жауап іздейміз.

МАГАТЭ-нің құрылуы

МАГАТЭ  (International Atomic Energy Agency) – 1957 жылдың 29 шілдесінде құрылған халықаралық ұйым. Оның бастамашысы болған – АҚШ-тың 34-президенті Дуайт Эйзенхауэр. Ол 1953 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында сөйлеген «Атом бейбіт өмірге қажет!» деп аталатын («Atoms for Peace») сөзінде ядролық энергияны әскери мақсатқа емес, бейбіт мақсатқа қолдануға шақырған. Эйзенхауэрдің ұсынысымен ядролық энергетиканы дамытуға және оны барша әлемге пайдалы етіп таратуға арналған халықаралық ұйым құрудың маңызы артты. Себебі Д.Эйзенхауэр өз сөзінде атомды ауыл шаруашылығы, медицина, энергетика саласында да тиімді қолдануға болатынын айтып, бейбіт атом туралы алғаш әңгіме қылды. Сөйте келе, 1957 жылы МАГАТЭ ұйымы құрылды.

МАГАТЭ құрылуына дейін ядролық энергия тек әскери мақсатта қолданылып келді десек, артық айтқанымыз емес. Себебі дүниежүзінің тарихына зер салсақ, оған дейін тек санаулы мемлекет қана бұл технологияны меңгергенін байқай аламыз. Сондықтан да шығар, ұйымның құрылуы ядролық энергетика саласындағы жаңа дәуірдің бастамасы болды. Агенттік ядролық қаруды таратпау және атом энергиясын бейбіт мақсатта қауіпсіз пайдалану қағидасына негізделді.

Сонымен қатар МАГАТЭ тарихындағы ең маңызды кезеңнің бірі – 1968 жылы қабылданған Ядролық қаруды таратуға жол бермеу туралы шарт. Маңызды дейтініміз сол, аталмыш шарт – халықаралық қауымдастық үшін ядролық қарудың таралуын шектеуді, бейбіт мақсатта ядролық технологияларды қолдануды бақылауға алған маңызды құрал еді.

МАГАТЭ басшысы

Сонымен, МАГАТЭ-нің қазіргі басшысы – 2019 жылдан бері басқарып келе жатқан Рафаэль Гросси. Ұйымның штаб-пәтері – Аустрияның Вена қаласы. МАГАТЭ басшысын жұртшылық көп біле бермесе де, осыдан бірер ай бұрын ғана әлемдік БАҚ жіті назарға алды. Себебі ол Украин әскері Ресейдегі Курск облысына шабуылдағаннан кейін өз аяғымен сол жерге барып, мән-жайдың бақылауда екенін айтты.

Өзге де жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button