АЛҒАШҚЫ САЙЛАУШЫЛАР ДАУЫС БЕРДІ
Сайлау 2024
Президент бастамашы болған саяси реформалардың екінші және үшінші пакетін іс жүзінде жүзеге асыру басталып кетті. Осыған орай, қазіргі кезде ауданымыздың бірқатар өңірінде ауылдық округ әкімдерін сайлау күні белгіленген. Мұның саяси жаңғырудың мүлдем жаңа кезеңін айғақтайтын өте маңызды оқиға екендігі белгілі.
Қыркүйек айының 15-жұлдызында Целиноград ауданы Ыбырай Алтынсарин ауылының жалпы білім беретін орта мектебі ғимаратындағы № 687 сайлау учаскесінде ауыл әкімінің сайлауы басталды.
Сайлау комиссиясының төрағасы Шахарбаев Тойлыбек Атамұратұлының айтуынша, таңертеңгі сағат 7.00-ден бастап, 10 адам дауыс берген. Негізінен сайлаушылар саны 428. Кешкі 20.00-ге дейін барлығы дауыс беріп үлгереді дейді комиссия құрамындағылар.
Р. ҚАДІРЖАН.
Ыбырай Алтынсарин.