Заң және Қоғам

САЙЛАУ БАРЫСЫ ОЙДАҒЫДАЙ

САЙЛАУ БАРЫСЫ ОЙДАҒЫДА
Төңкеріс ауылындағы нөмір 666 Сайлау учаскесінде де сайлау барысы ойдағыдай деуге болады.


Сайлау комиссиясының төрағасы Шәкіров Асылхан Төлегенұлы, төрағаның орынбасары Шаймерденов Орынбай Жанайдарұлы, хатшысы Айдарбекова Гүлнар Ескалиқызы, комиссия мүшелері Асгап Жанарбек және Қазкенов Қайрат Ермұхаммедұлы қарбалас іс үстінде.
Таңертең ертемен алғашқы сайлаушылар дауыстарын берген екен.
Қазіргі кезде дауыс бергендердің саны 40-тан асты.


Асылхан Төлегенұлы өз сөзінде сәт сайын сайлау учаскесіне келушілердің саны артып келе жатқандығын айтты.
Жалпы алғанда аталған учаске бойынша 352 адам келіп дауыс берулері тиіс.

Р.ҚАДІРЖАН.
Төңкеріс ауылы.

Өзге де жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button