Заң және Қоғам

Департамент кәсіпкердің бұзылған құқықтарын қалпына келтірді

 

 

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті жер учаскесін бөлу кезінде әкімшілік кедергілерге тап болған кәсіпкердің бұзылған құқықтарын қалпына келтірді.

Мәселен, «М» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өз жер учаскесінде тоғыз қабатты көппәтерлі тұрғын үй тұрғызып, оны пайдалануға берді.

Бірінші қабаттағы коммерциялық объектілерді одан әрі ресімдеу, мүлік иелері бірлестігінің қызметін ұйымдастыру үшін кәсіпкер жер учаскесін бірнеше бөлікке бөлу қажеттілігіне тап болды.

Серіктестік Көкшетау қаласының жер қатынастары,  сәулет және қала құрылысы бөлімімен жер учаскесінің сызбасын келісе отырып, оны бөлуге алдын ала рұқсатын алған.

Алайда, жерге орналастыру жобасын бекіту кезеңінде мемлекеттік орган жер учаскесінің шекараларын нақтылау кезінде пайда болған сызбадан шамалы ауытқуға сілтеме жасай отырып, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартты. Дегенмен бұл жағдайда бұл ауытқу оның жалпы ауданына әсер етпеген.

Жерге орналастыру жұмыстарын қайта жүргізу және алдын ала сызбаны келісу Серіктестік үшін қосымша шығындарға, айтарлықтай уақыт жоғалтуға, сондай-ақ пәтер сатып алушылардың наразылықтарына әкеп соғар еді.

Осыған байланысты, бас тартумен келіспей, кәсіпкер Департаментке шағымымен жүгінді.

Шағымды қарау барысында мемлекеттік органның лауазымды адамдары бастапқы сызбадан ауытқудың шамалы екендігін, сондай-ақ жер учаскесін ұсынылған түрде бөлу ешкімнің құқықтары мен мемлекет мүдделерін бұзбайтындығын растады.

Шағымды қарап, Департамент кәсіпкерге мемлекеттік қызмет көрсетуден Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексте белгіленген мөлшерлестік қағидатына сәйкес келмейтін формальды себептермен бастартылды деген қорытындыға келді.

Осыған байланысты Департамент Бөлімге Серіктестіктің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру туралы шешім енгізді.

Нәтижесінде мемлекеттік орган Департамент шешімін орындау үшін Серіктестіктің жер учаскесін бөлу шекарасын бекітті.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті.

 

Өзге де жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button