Аудан өміріЗаң және Қоғам

НАҚТЫ ШЕШІМДЕР ҚОЛҒА АЛЫНАДЫ

#Күшіміз бірлікте

Еліміз үшін маңызды жаңалықтың бірі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бейнебайланыс арқылы Парламент Мәжілісінің отырысына қатысып, еліміздің жаңа Премьер-Министрінің кандидатурасын ұсынып Әлихан Смайылов Премьер-Министр қызметіне тағайындалды.

Сондай-ақ,  Мемлекет басшысы  саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешу бойынша ауқымды баяндама жасады.  Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс отырысында еліміз душар болған ауыр қасіреттің себептерін саралап, оның салдарына нақты баға беру керегін айтты. Бұл еліміз үшін маңызды шешім. Қасым-Жомарт Кемелұлы  жанар-жағармай бағасын реттеуге қатысты және кәсіпкерлікті реттейтін жаңа заң бизнеске түскен бюрократиялық салмақты айтарлықтай азайтатынын атады.

Отырыста еліміздің қауіпсіздігін нығайту және қауіп-қатердің алдын алу үшін шұғыл іс-шараларды жүзеге асыру қажеттілігін  де назардан тыс қалдырмады. Бұл бағытта сарбаздарды әскери техника мен қару-жарақты қажетті жерге жедел жеткізу үшін әскери-көлік авиациясы паркін толықтыру ісін қолға алынатындығы айтылды. Өйткені шекарамызды күшейтуде нақты қадамдар жасауымыз қажет. Осы бағытта мемлекеттік шекараны нығайтуымыз керек. Мемлекет басшысы өз сөзінде ішкі көші-қон саласын тәртіпке келтіретін уақыттың  жеткенін  айта отырып, қару-жарақ айналымын мұқият тексеріп, оның заң тұрғысынан реттелетіндігін ескеріп өтті. Шұғыл түрде қирап, бүлінген  ғимараттар мен арнаулы техниканы жөндеп, бейнебақылау жүйесін іске қосып, құқық қорғау органдарының қызметін қалпына келтіру керектігін баса айтып өтті. Президенттің алға қойған   тапсырмаларының бәрі еліміздің тыныштығы мен қауіпсіз болашағына  кепіл болады деп сенеміз. Бұған бүкіл ел болып қолдау көрсетеміз.

                                                                   Ләззат ҚОНАРБАЕВА, мәслихат хатшысы.

                                                                                                                               Ақмол.

Өзге де жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button