Заң және Қоғам

Ақмола облысында 200-ге жуық бала Президент шыршасының қонақтары болды

Бүгін Қазақстанның барлық өңірлерінде Қазақстан Республикасы Президентінің атынан дәстүрлі жаңажылдық қойылым өтті.
Облыстың бас шыршасы «Bolashaq sarayi» балалар мен жасөспірімдер сарайында жағылды.
Мерекелік шараға облыстың барлық аудандары мен қалаларынан 200 жуық бала қатысты.
Облыс әкімі Марат Ахметжанов Мемлекет басшысының атынан бүлдіршіндерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.


«Бүгін мемлекет сіздер үшін қажеттінің бәрін жасауда, жаңа мектептер салынуда, жақсы білім алу үшін жағдайлар жасалуда. Президент атап өткендей, егер балалар бақытты болса — бұл мемлекеттің болашағы зор екендігінің көрсеткіші». Біздің басты байлығымыз — сіздер», — деді өңір басшысы.
Шортанды ауданынан келген «Зерде» ғылыми жобалар байқауының жеңімпазы 12 жасар Әлжан Төлеген үшін облыстық, шырша өмірдегі ең есте қаларлық және маңызды оқиғалардың біріне айналды.
«Мені шақырған кезде қатты қуандым. Бұл менің өмірімдегі маңызды оқиға. Мен мұны әрқашан есте сақтаймын. Бізге осы қуанышты сыйлағаныңыз үшін рахмет», — деді қатысушы.
Жаңа жылдық мерекелік бағдарлама театрландырылған қойылыммен және ертегі кейіпкерлерінің сүйемелдеуімен шыршаны жағумен жалғасты.


Мереке соңында қоңақтарға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан 100 мың теңгеге ақшалай сертификаттар және тәтті сыйлықтар түріндегі жаңа жылдық сыйлықтар табыс етілді.

Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Өзге де жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button