Заң және Қоғам

    ЖАСТАРҒА  ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

 

Ауылдық жерден шыққан балаларды «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ауылдардағы бизнесті дамыту  тұрғысында  жасап жатқан игі істері қызықтырып отыр. Осыған орай жуырда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті студенттерінің бастамасымен білім ордасының бас корпусында  кездесу өткізілді.

Бұл орайда студенттердің жалпы сауаттылығы, өз мақсаттарына жетуге деген құлшыныстарын атап өту керек. Олар қазірдің өзінде өздерінің болашақтары, жұмыс орындары, ауылды дамытудағы атқаратын рөлдері туралы ойластыруда. Сондықтан болар, студенттер тарапынан ауыл бизнесін дамыту жоспарлары бойынша көптеген ұсыныстар айтылды.

Оларға 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту бойынша ұлттық жоба тұрғысында 21-35 жас аралығындағы жас кәсіпкерлерге шағын несие беру төңірегінде жан-жақты мағлұмат берілді.

Несиелеу шарты:

-Қарыз сомасы  -5 миллион теңгеге дейін;

-Сыйақы  мөлшерлемесі — жылдық табыстың 2,5 пайызы;

-Қарыз мерзімі: мал шаруашылығы үшін — 7 жылға дейін, басқа бағыттарға — 5 жылға дейін.

-Қарызды өтеудің жеңілдетілген мерзімі мен сыйақы мөлшерлемесі шағын несиенің мерзіміне байланысты.

-Міндетті түрде кепілдік мүлік болуы тиіс.

Мұндай жоспардағы жеңілдетілген несиені берудегі басты мақсат — бизнес-жоспарға қолдау көрсетіп, кәсіпкерлікті дамыту. Бұл жобаның  қазақстандық қаржы нарығында баламасы жоқ.

Барлық мәселелер бойынша  Кәсіпкерлер  палатасының  Целиноград аудандық филиалына хабарласуларыңызға болады. Ақмол ауылы, тел: (716-51) -79-021.

                                                                                            Ерұлан ТӨЛЕШОВ,

«Атамекен»  Кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры.

                                                                                                     Ақмол.

Өзге де жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button