Заң және Қоғам

ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНДА ТӨРТ ЖЫЛ ІШІНДЕ САҚТАНДЫРЫЛҒАНДАР САНЫ ҚАЛАЙ ӨЗГЕРГЕНІН АЙТТЫ

 

Елімізде сақтандырылғандар саны 2020 жылы 15,87 болса, 2023 жылы 16,6 миллион адамға дейін жетті. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында азаматтарды МӘМС жүйесімен қамту үшін жасалып жатқан жұмыстар туралы айтылды.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылған сәттен бастап денсаулық сақтау бюджеті 1-ден 2,5 трлн теңгеге дейін өсті. Бір тұрғынға жұмсалатын шығыстар 2 есе – 56 мың теңгеден 122 мың теңгеге дейін ұлғайды. Азаматтар бұрын ақылы өткен медициналық қызметтерді МӘМС аясында алуға мүмкіндік алды. Мәселен, компьютерлік томография, МРТ және де диагностикалық тексерулер, салалық дәрігерлер кеңесінің көлемі 7 есе өсті.

«Қазір азаматтардың МӘМС туралы түсінігі қалыптасты. Бұрын олар МӘМС деген не және не үшін керек десе, қазір адамдар медициналық көрсеткіштеріне қарай медициналық қызметке неге жолдама берілмейтінін сұрайды, күту мерзімдерін сақтауды талап етеді. Адамдар сақтандырылған мәртебесінің пайдасын түсініп, өздері үшін жарна төлейді», — деді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметінде.

2020 жылы елімізде 15,87 миллион адам сақтандырылған болса, қазір олардың саны 16,6 миллионнан асады. Халықты МӘМС жүйесімен қамтудың артуына 2022 жылы алдағы 12 айға жарналарды төлеу кезінде мәртебе алу мүмкіндігі берілгені себеп болып отыр. Бұл ретте олар өткен жылғы берешекті төлемейді.

Бұл ретте азаматтарды МӘМС жүйесімен қамту үшін жұмыстар бірнеше бағытта жүргізілуде. Халықпен кездесулер өткізіліп, жұмыс берушілерге қызметкерлері үшін МӘМС төлемдерін уақтылы төлеу қажеттілігі түсіндіріледі. Экономикалық белсенді халықты жұмыспен қамту шараларымен қамтамасыз етіп, еңбекке жарамсыз азаматтарды жеңілдіктер тізіміне енгізу ұсынылады. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік осал топтағы азаматтар үшін МӘМС жарналарын төлеу бойынша сұрақтар барлық мүдделі мемлекеттік органдардың қарауына жіберілді.

https://fms.kz/kz/press-center/press-relizy/95811/

Өзге де жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button