Заң және Қоғам

Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен Жалғызқұдық ауылында «Қыздар — қоғамның ортаймайтын ең құнды қазынасы» тақырыбында форум өтт

Республика күні қарсаңында Целиноград ауданының 95 жылдығы шеңберінде Целиноград ауданы Ішкі саясат бөлімімен аудандағы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен Жалғызқұдық ауылында «Қыздар — қоғамның ортаймайтын ең құнды қазынасы» тақырыбында форум өтті. Іс-шараға Целиноград ауданы әкімінің орынбасары А.К.Айткужинова, Ішкі саясат бөлімінің басшысы Ж.Е.Байділдина, Жастар рессурстық орталығының директоры Ж.М.Жанабекова, Жалғызқұдық ауылдық округінің әкімі М.Сағынтаев, Целиноград ауданының Аналар кеңесінің төрайымы З.Б.Қақабаева, аналар кеңесінің мүшелері, ауылдық округтердегі қыздар клубтары мүшелері, жастар қатысты. Форум барысында әр округтің қолөнер бұйымдары көрмесі ұсынылды. Шарада қыздардың қоғамда алатын орны, болашақ ананың отбасындағы рөлі, отбасы құндылығын дәріптеудегі дәстүрлер насихатталды. Жиналғандарды Целиноград ауданы әкімінің орынбасары А.К.Айткужинова, Целиноград ауданының Ішкі саясат бөлімінің басшысы Ж.Е.Байділдина, Жалғызқұдық ауылдық округінің әкімі М.Сағынтаев келе жатқан Республика күнімен құттықтап, өскелең ұрпақ бойына отаншылдықтың үлгісін көрсетіп, қыз баланың қоғамда қосар үлесі туралы өз ой-пікірлерін жеткізді. Сонымен қатар Жалғызқұдық ауылының Аналар кеңесі мүшелері қыздар клубымен бірге отбасындағы қыз тәрбиесі жайында шеғын көрініс ұсынды. Шарада аудан көлемінде Аналар кеңесі, қыздар клубының атқарып жатқан іс-шараларының нәтижесі де айтылды. Целиноград ауданы әкімінің орынбасары А.К.Айткужинова Жалғызқұдық клуб меңгерушісі А.Д.Смаиловаға, С.Ы.Абдрахмановқа Целиноград ауданының 95 жылдығы төсбелгісімен және қолөнер шебері Л.Алимғазинаны «Ауыл еңбегі» медалімен марапаттады.Отбасындағы бала бойына ұлттық тәрбиені сіңіруде ата-ананың ықпалы, қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілікке, көріктілікке, ептілікке, инабаттылыққа, кішіпейілділікке, жан-жақты ұлттық қасиеттерін таныта білуге ,үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, ата-ананың алдындағы парызын өтеуге  жанұяның  мақтанышы  болуға  тәрбиелеу насихатталды.Форум соңында Жалғызқұдық ауылы орта мектебінің жас өнерпаздары өз өнерлерін көрсетті.

Өзге де жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button