Заң және Қоғам

МӘЖІЛІСТІҢ  БІРІНШІ  СЕССИЯСЫ

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші сессиясын ашық деп жариялаған соң, сайлауда жеңіске жетіп, депутат мандатына ие болған азаматтардың қызметіне табыс тіледі.

Мемлекет басшысы бір жылдың ішінде еліміздің қоғамдық-саяси өмірінде болған негізгі өзгерістерге тоқталып, жүзеге асырылған реформалар «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидасына негізделгенін атап өтті.

Осы орайда әйелдердің және ерекше қажеттілігі бар жандардың Мәжіліске өтуіне жағдай жасалғанын атап өткен жөн. Осындай квотаның нәтижесінде биыл тұңғыш рет Парламентке мүмкіндігі шектеулі алты адам депутаттық мандат иеленді.

Мемлекет басшысы саяси науқан қоғамдағы әрбір азамат Парламентке мүше бола алатынын және «әлеуметтік лифт» жұмыс істейтінін айқын аңғартқанына назар аударды.

«Бұл сайлау үміткерлерге қойылатын талап өзгергенін көрсетті. Қазір тұрғындармен тығыз қарым-қатынас орнату өте маңызды. Мұны дұрыс түсініп, елмен етене араласа білген үміткерлер халық сайлаған өкіл атанды. Сайлаушылар өзінің мұң-мұқтажын білетін және мүддесін қорғай алатын азаматтарға дауыс берді. Ақпараттық технология дамыған қазіргі заманда халық бәрін жіті бақылап отыр. Осы ретте депутаттардың ел алдындағы жауапкершілігі артқанын атап өткен жөн. Сондықтан осы ғимаратта отырған депутаттар 5 жыл бойы саналы, парасатты түрде белсенді жұмыс істейді деп сенемін. Себебі, ел мүддесі үшін қызмет ету қажет. Бұл – «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық» деген қағиданың тағы бір көрінісі, —  деді Қ.К. Тоқаев.

Мемлекет басшысы заң шығарушы органның алдына айтарлықтай міндеттер мен бағыттар белгілеп берді. Енді соларды ретімен орындап, Әділетті Қазақстан құру жолына жұмылса абзал.

Т. САНСЫЗБАЙҰЛЫ.

 

 

Өзге де жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button