«Ида» дауылынан АҚШ-та миллиондаған адам жарықсыз қалды
АҚШ-тағы дауыл салдарынан Луизиана штаты Жаңа Орлеан қаласының тұрғындары жарықсыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС сілтеме жасап.
Атлант мұхитында қалыптасқан «Ида» дауылы Американың Луизиана штатының жағалауына жетті. Миллиондаған адам жарықсыз қалды, соның ішінде штаттың ірі қалаларының бірі Жаңа Орлеан да бар. Entergy энергетикалық компаниясының мәліметінше, жарық электр желілерінің «қатты зақымданғанынан» сөніп қалған.
Дауылға бес балдық өлшемнің төртінші деңгейі берілді, желдің жылдамдығы 240 км/с. Дауылдың алғашқы құрбаны туралы да белгілі болды. Ер адамды ағаш құлап, басып қалған.
Штат билігі қауіп төніп тұрған адамдарды эвакуациялап жатыр және «Катрина» жойқын дауылынан кейін айтарлықтай нығайтылған бекет бұл жолы да табиғи апатқа тосқауыл бола алады деп үміттенуде.
2005 жылдың 29 тамызында «Катрина» салдарынан болған су тасқыны Жаңа Орлеон қаласының 80% аумағын басып қалған болатын. Онда 1,8 мың адам қаза тапты.
Дереккөз: ҚазАқпарат