Заң және Қоғам

Қазақстан БҰҰ-ны депутаттар сайлауын мониторингілеуге шақырды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан БҰҰ-ны депутаттар сайлауына мониторинг жасауға шақырады. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің мұнан ары дамуы үшін жаңа әлеуметтік-экономикалық негіз жасайтын бірқатар маңызды бастаманы жария етті. Жаңа Қазақстан құру аясында біз инклюзивті экономикалық өсім жасауымыз, саяси реформалар жүргізуіміз, макроэкономикалық тұрақтылыққа кепілдік беруіміз және кәсіпкерлікті дамытуымыз қажет. Өткен жылдың қарашасында президенттік сайлауды сәтті өткізгеннен кейін келесі аптада – 19 наурызда өтетін парламенттік сайлауға жақындап қалдық. Сондықтан сіздерді алдағы сайлауды мониторингілеуге белсенді қатысуға шақырамыз», — деді Қайрат Омаров елордада «Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымына 30 жыл және БҰҰ-ның 2021-2025 жылдарға арналған Тұрақты даму ынтымақтастығы шеңберінің Басқарушы комитеті» тақырыбында өткен іс-шара барысында.

https://www.inform.kz/kz/kazakstan-buu-ny-deputattar-saylauyn-monitoringileuge-shakyrdy_a4044379

Өзге де жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button