Заң және ҚоғамСаясат

Халықаралық қауымдастық сайлаудың әділ өтуін қалайды — америкалық сарапшылар

ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – Елдегі демократиялық өзгерістерді үнемі бақылап отыратын америкалық сарапшылар Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Евгений Чаусовский

«New Lines Institute for Strategy & Policy» оқыту және талдау өнімдері бағдарламасының аға талдаушысы және басшысы Евгений Чаусовский Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың наурыз айында кезектен тыс парламенттік сайлау өткізу туралы шешімін қайта саяси құрылымдау процесінің жалғасы ретінде қарастыруға болатынын атап өтті. Былтырғы конституциялық реформалар мен кезектен тыс президент сайлауынан кейін кезектен тыс парламент сайлауын өткізу туралы шешім қабылданатыны күтілген еді. Сарапшының пікірінше, бұл бастама Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ішкі және сыртқы саясатты сындарлы даму жолына түсіруге бағытталған кең ауқымды өзгерістер процесінің соңғысы.

Уайлдер Алехандро Санчес

«Second Floor Strategies» консалтингтік фирмасының президенті Алехандро Санчес жаңа сайлау күні кездейсоқ таңдалмағанын атап өтті. Оның айтуынша, 2019 жылдың 19 наурызында бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев отставкаға кететін болатын.

«Қазақстандықтар мен халықаралық қоғамдастық, оның ішінде Вашингтон әділ әрі ашық сайлау болғанын қалайды. Бұл Қазақстанның оппозициялық партиялары жаңа заң шығарушы органда өкілдік ету мүмкіндігіне ие болуы тиіс дегенді білдіреді», — деп атап өтті Уайлдер Алехандро Санчес.

Америкалық сарапшының пікірінше, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төменгі палатаны таратып, жаңа сайлау күні ретінде 19 наурызды таңдауы екі мақсатты көздейді. Біріншісі – қазіргі Үкіметтің бұрынғы Үкіметтің жалғасы еместігін және оның ықпалында болмайтынын дәлелдеу. Екінші мақсат – Қазақстан халқына Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттігі кезінде мемлекеттік басқару мен саяси өкілдіктің ұтымды жұмыс істейтінін көрсету.

«Қазақстан Президенті тұрғындардың талап-тілектерін тыңдайтын «еститін мемлекет» құруға уәде берді. Қазақстандықтар өздерінің көзқарасы құрметтелетін және ескерілетін елде тұруға лайық», — деп түйіндеді Уайлдер Алехандро Санчес.

Еске сала кетейік, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы 19 наурызда өтеді.

 

 

Өзге де жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button