Аудан өмірі

ӘКІМНІҢ ЖАҢАЖЫЛДЫҚ ШЫРШАСЫ

Аудан тынысы

Балаларға қуаныш пен көтеріңікі көңіл-күй сыйлады

Жаңа жыл — балалар үшін де ересектер үшін де жарқын мереке, естен кетпейтін естеліктер сыйлайтын сәт. Әсіресе, балақайлардың  бұл мерекені тағатсыздана күтетіндігі белгілі. Олар Аяз Ата мен Ақшақардан түрлі сыйлықтар алып, қуанышқа кенеледі.

Жыл сайын еліміздің әр шалғайында кішкентай балдырғандар үшін әкімның дәстүрлі шырша мерекесі өткізіледі. Биыл да осы үрдістен жаңылмай аудан орталығы Ақмол ауылындағы Мәдениет үйінде Целиноград ауданы әкімі Б.А.Оспанбеков балаларды  қуантуға келді.

110 бала қатысқан мерекелік шараға арнайы келген өңір басшысы жас жеткіншектерді табалдырықты аттағалы тұрған Қоян жылымен құттықтап, оларға деген  ақ тілегін жеткізді:

– Егер сендер қазірден бастап, мектепте жақсы оқып, үздік нәтижелерге қол жеткізсеңдер, күні ертең еліміздің айтулы азаматы боласыңдар. Келе жатқан Жаңа жыл мерекесі қарсаңында барлығыңа  мықты денсаулық, зор қуаныш пен бақыт тілеймін, -деді ол өз сөзінде.

Біздің елімізде балалардың мүддесіне  баса көңіл бөлінген. Сондықтан қамқорлыққа зәру бүлдіршіндерге нақтылы көмек жасалады.  Жоғарыда айтылған 110 баланың  барлығы көп балалы, аз қамтылған отбасынан шыққан, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар. Мерекелік шара кезінде олардың барлығына  тамаша сыйлықтар мен тәттілер үлестірілді.

Балақайлар Аяз ата және Ақшақармен бірге жасыл шыршаны айнала ән айтып, би билеп сиқырлы да әсем кештің қызығына бөленді.

Е. ТҮГЕЛБАЙ.

Ақмол.

 

 

 

 

Өзге де жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button