
Ұлттық құрылтай – ел бірлігі мен қоғамдық диалогтың жаңа кезеңі
Ұлттық құрылтай – ел бірлігі мен қоғамдық диалогтың жаңа кезеңі
Ұлттық құрылтай – Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды институттардың бірі. Бұл алаңда елдің дамуына қатысты өзекті мәселелер талқыланып, мемлекеттік органдар, қоғам қайраткерлері, сарапшылар мен азаматтық қоғам өкілдері бір мақсат жолында пікір алмасады.
Бүгінде еліміздің тұрақты дамуы халық пен мемлекеттің өзара сеніміне, ашық диалогқа және ортақ жауапкершілікке негізделеді. Ұлттық құрылтай осы қағидаттарды нығайтып, қоғамның пікірін тыңдайтын тиімді тетікке айналды.
Құрылтайда өңірлерді дамыту, жастарды қолдау, отбасы институтын нығайту, ұлттық құндылықтарды сақтау, заң үстемдігін қамтамасыз ету және қоғамдық келісімді күшейту мәселелері кеңінен қарастырылады. Бұл бастамалар еліміздің болашағына қызмет етеді.
Бірлігі бекем, ынтымағы жарасқан ел ғана биік белестерді бағындыра алады. Сондықтан Ұлттық құрылтай – Жаңа Қазақстанды бірге құру жолындағы маңызды қоғамдық алаң.
Целиноград ауданының «Татуласу орталығы» Медиация орталығының директоры
Ә.Т. Ибраева


